Семинар: "Тәрбиеленуші портфолиосы"
28-02-2018 17:44
Семинар:

Ақпан айының 27 –ші жұлдызында «Ақбота» балабақшасында «Тәрбиеленуші портфолиосы» атты семинар болып өтті. Семинардың басында педагог – психолог Г.Стамбекова қатысушылармен «Көтеріңкі көңіл – күй» атты қуаныш шеңберін өткізсе, тәрбиеші П.Аккаева «Портфолио деген не?» тақырыбында қатысушы педагогтарды таныстырып өтті. Әрі қарай тәрбиеші Н.Шекен және орыс тілі оқытушысы А.Нысамбаева «Портфолионың құрылымымен» таныстырып өтті. Қатысушы педагогтар топпен жұмыс жасап, семинарды қорытындылады.