Размер шрифта:
"Әр бала бір жұлдыз!"
24-05-2022 15:32

"Ақбота" бөбекжайында 23-27 мамыр аралығында ересек және мектепалды даярлық топтарында "Әр бала бір жұлдыз!" атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігі өтті. Ертеңгілік барысында тәрбиеленушілер өлең айтып, би билеп, тақпақтарын айтып, жыл бойы жинаған білімдерімен бөлісті. Балалардың сүйікті кейіпкерлері қонаққа келіп, балалармен және ата - аналармен "Спагетти", "Сұлулық салоны", "Қолтырауын", "Сипаттап айт", "Жоғалған әріптер" атты ойындарды ойнап, балалармен бірге көңіл - көтерді. Тәрбиеленушілер орыс тілінде де өнерлерін көрсетіп, ата - аналармен бөлісті.