"Тәуелсіздік - ел тілегі"
16-12-2017 07:24

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Ақбота» балабақшасында «Шұғыла» ересектер тобында «Тәуелсіздік – ел тілегі» атты мерекелік ертеңгілік болып өтті. Балабақша тәрбиеленушілері ертеңгілікті Қазақстан Республикасының әнұранымен бастады. Ертеңгілік барысында тәрбиеленушілер патриоттық әндер шырқап, би билеп, үш тілде тақпақтар айтып, шағын қойылым көрсетті. Сондай - ақ, тәрбиеленушілеріміз спорттың түр - түрінен өнер көрсетті. Қыздар «Отан» әнін айтып, батыр ұлдар «Батырлар» биін биледі. Мерекелік ертеңгілік патриоттық сезімге толы өтті.