«Тәуелсіздік – ел тілегі»
14-12-2017 15:07
«Тәуелсіздік – ел тілегі»

Бүгін «Ақбота» балабақшасында ортаңғы топтардың арасында «Тәуелсіздік – ел тілегі» атты мерекелік ертеңгілік болып өтті. Ертеңгіліктің мақсаты:Балалардың Тәуелсіздік туралы түсініктерін кеңейту, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін, мақтаныш сезімдерін арттыру, өз елінің, жерінің, ұлтының намысын қорғауға тәрбиелеу. Балабақша тәрбиеленушілері ертеңгілікті Қазақстан Республикасының әнұранымен бастап, үш тілде «Тәуелсіздік» туралы тақпақтар айтып, патриоттық әндер шырқады. Сонымен қатар, айбынды ұлдар «Батырлар» биін билеп, көрініс көрсетті.