"Отаным менің - Қазақстан"
13-12-2017 08:32

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Ақбота» балабақшасында «Отаным менің – Қазақстан» атты спорттық – эстафеталық сайыс өтті. Сайысқа «Алтын пырақ» және «Қыран» топтары қатысты. Қатысушылар сайысты Қазақстан Республикасының әнұранымен бастады. Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Барлық сайысқа қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.