«Денің сау болсын, балақай!»
29-11-2017 07:42
«Денің сау болсын, балақай!»

Балалардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Ақбота» балабақшасында қараша айының 29 жұлдызында «Денің сау болсын, балақай!» атты спорттық – эстафеталық сайыс өтті. Сайысқа ортаңғы топ тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері қатысты. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Балалар сайысқа қатысушыларға тосын сый жасап, «Құлпынайлар»  биін билеп берді. Балалардың барлығы сайыста ептілігімен, жүйріктілігімен көзге түскені үшін мадақтау қағаздарымен марапатталды. Сайыс соңында балалар мен тәрбиешілер бірігіп, флешмоб билеп, көңіл көтерді.