Педагогикалық кеңес: «Балабақшада балалардың дене бітімінің жан-жақты дамуына жағдайлар туғызу»
28-11-2017 09:41

Балабақшамызда іскерлік пікір – талас түрінде педагогикалық кеңес болып өтті. Педагогикалық кеңестің тақырыбы: «Балабақшада балалардың дене бітімінің жан-жақты дамуына жағдайлар туғызу»

Күн тәртібі бойынша «Мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық дағдыларын дамытуда заттық-дамытушы ортаның ұйымдастыру ерекшелігі» тақырыбындағы тақырыптық тексерістің қорытындылары жайлы әдіскер К.Карибекова қорытындылап өтті. «Балабақшада баланың дені сау болу үшін не көмектеседі?» тақырыбында тәрбиеші А.Есимбекова педагогтар - мамандармен пікір – талас жүргізсе, балабақша медбикесі Г.Смагулова «Жас ерекшеліктері бойынша баланың ауру – сырқау нәтижесі» тақырыбында шағын баяндама оқып, ауру – сырқау нәтижелерімен таныстырып өтті. Сонымен қатар, дене шынықтыру нұсқаушысы А.Қыдуақасова «Мектепке дейінгі балалардың физикалық тәрбиесінде денсаулық сақтау технологиясын қолдану» тақырыбында хабарлама жүргізді. Барлық педагогтар тақырыпқа тереңірек талдау жасап, іскерлік пікір – талас жүргізді. Педагогикалық кеңестің аяғында балабақша педагог – психологы М.Абильдина педагогтармен «Көңілді ара» атты психо – гимнастика жүргізіп,  директор А.Кишкиндаева педагогикалық кеңестің қорытындысын шығарып, шешім қабылдады.