Аяулы анашым
05-03-2020 16:45
Аяулы анашым

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Балқаш қаласының «Ақбота» балабақшасында 3-6 наурыз аралығында мерекелік ертеңгіліктер өтуде. Мереке балаларға және олардың ата-аналарына көктемгі көңіл-күй сыйлады. Көңілді тақпақтар мен әндер, билер, шулы оркестрлер, ертегі кейіпкерлерімен кездесулер, аналар мен әжелер ойындары- ұмытылмас мереке болды. Мереке сыйлықсыз болады ма, әр ана баласының өз қолымен жасаған сыйлығын алды.