"Әсем ән" байқауы
05-02-2020 11:48

2020 жылдың 05 ақпан айында Балқаш қаласының «Ақбота» балабақшасында «Әсем ән» атты музыкалық әндер сайысы өтті. Ересек және мектепалды даярлық топтың тәрбиеленушілері әдемі киініп, көңілді көңіл-күймен балабақшаның музыкалық залына байқауға келді. Байқауға әр түрлі вокалдық қабілеттерімен 7 қатысушы қатысты: Шакирова Айару, Сәбит Айтуған, Андроник Богдан, Тілеубек Жалғас, Мусатаева Айлин, Қайдар Айдана, Абдолла Диар. Әрбір өнер - жеке концерттік нөмір. Әр ән бір бірінен асады! Балаларға құрбылары, ата-аналары, тәрбиешілері қол соғып, жігерлендіріп, қолдау көрсетті. Іс-шара соңында барлық қатысушылар дипломмен марапатталды.