Семинар «Ата-аналармен педагогтардың қарым-қатынасын жетілдіру»
24-01-2020 16:10
Семинар «Ата-аналармен педагогтардың қарым-қатынасын жетілдіру»

Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері – отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыра отырып, жалпы адамзаттық құндылықтардың мәнін ашу мақсатында, 24 қаңтарда Қарағанды облысы, Балқаш қаласының «Ақбота» балабақшасында «Ата-аналармен педагогтардың қарым-қатынасын жетілдіру» атты семинар – практикумы өтті.

Семинарда «Педагогикалық мәдениет» ситуациялық жағдаят, сауалнамалар жүргізілініп, «Өзіңді танып біл» психологиялық тренинг өтті, «Мен өзімді қалай бағалаймын?» миға шабуыл мен «Сиқырлы шар» ойыны жүргізілінді.

Семинар жоғары эмоционалдық деңгейде, жылы, достық және сенімді атмосферада өтті. Өзекті мәселелер талқыланды, сондай-ақ ата-аналармен жұмыс істеудің келешегі белгіленді.

Семинар барысында маңызды тақырып талқыланған тамаша атмосфера үшін педагогтарға рахмет.