Жаңа жыл мерекесі
27-12-2019 11:32
Жаңа жыл мерекесі

Балқаш қаласының «Ақбота» балабақшасында 23желтоқсаннан бастап жаңа жылдық шырша мерекелері өтуде. Мерекеге тәрбиеленушілер үлкен дайындықпен келді. Олар Аяз ата, Ақшақармен шырша жанында өлең айтып, би билеп, ертегілер еліне саяхат жасады. Жаңа жылдық қойылымда сүйікті ертегі кейіпкерлері балаларға мерекелік көңіл күй сыйлады. Аяз Ата мен Ақшақар балаларды құттықтап, жаңа жылға арнаған тілегін жеткізді.

Жаңа жыл жетістіктерге қол жететін, ой-мақсаттар жүзеге асатын, арман-үміттер ақталатын жыл болсын!