«Мәңгілік алаудың» басында
08-05-2019 12:47
«Мәңгілік алаудың» басында

    Мектеп жасына дейінгі балалардың бойына жеңісті дәріптей отырып, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік қасиеттерін арыттыру. Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге тәрбиелеу мақсатында Балқаш қаласының «Ақбота» балабақшасының педагогтары тәрбиеленушілерін «Мәңгілік алаудың» басына апарды. Балалар мемориалға гүл шоқтарын қойып, қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы туралы көп мәлімет алды.