«Ең үздік педагог»
16-11-2018 14:25
«Ең үздік педагог»

2018 жылғы 13-14  қараша аралығында «Айгөлек» МЖДМ КМҚК  қалалық деңгейде өтетін «Ең үздік мектепке дейінгі педагог» байқауының ережесін орындау мақсатында балабақшада «Ең үздік педагог - 2018» байқауы өтті. Байқауға балабақшамыздың 4 педагог қатысты. Сайыс 3 кезеңнен тұрады: «Ашық ұйымдастырылған іс әрекеті», «Жекпе-жек», «Менің қолымнан келеді», Әрбір кезеңде педагогтар өздерінің жан – жақты, білікті,жүйрік , шығармашыл екенін көрсете білді. Сайыста Жәнібекова Айгул Қадыбергенқызы  І орынға, Садвокасова Салтанат Берикжановна ІІ орынға, Арапова Айгүл Алтынбекова ІІІ орынға ие болды. Сонымен қатар Бекенова Жансая Жетпісбайқызы «Ең үздік шығармашыл педагог» номинациясымен марапатталды. Байқау ережесі бойынша, жеңімпаз Жәнібекова  Айгул Қадыбергенқызы қалалық деңгейдегі байқауға жолдама алды. Әріптесімізге сәттілік тілейміз!