Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шаралар
05-05-2018 13:53
Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шаралар

2018 жылдың 04,05 мамыр күндерінде «Айгөлек» МДБМ ересек топ балалары үшін Жеңіс Күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шаралар өтті. Іс-шараның мақсаты: патриоттық сезімге, Отанымызды мақтан тұтуға; отан қорғағандардың барлығын құрметтеуге және алғыс білдіруге тәрбиелеу. Қыздар «Катюша» биін биледі, «Жеңіс Күні», «Жеңіс маршы» әндерін орындады. Іс-шара барысында «Жаралыға көмектес», «Жаралы адамды өзеннен өткіз» ойындары ойналды. Әсіресе, қатысушылардың барлығы қаза болғандарды еске алып, бір минут үнсіздікке тұрғандары өте әсерлі болды. Соңында балалар педагогтарымен қосылып «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындап берді.