«Біздің қанатты достарымыз!»
03-04-2018 16:56
«Біздің қанатты достарымыз!»

 

Құстар дегеніміз не? Құстар- әннің биікке ұшуы. Құстар  - балалық шағымыздың достары. Құстар жайында тамаша өлеңдер, әндер мен жұмбақтар жазылған.

3 сәуірде КМҚК «Айгөлек» МДБМ «Қарағанды облысының экология Департаменті» базасының аясында, «ЭКОШ» ҚҚ (жетекшісі Страшко Л.К.) ұсынысымен  Халықаралық құстар күніне арналған қалалық экологиялық акция өтті. Оған «Ақбота», «Балауса», «Күншуақ», «Таңшолпан» балабақшалары, «Қалалық мұражай» қызметкерлері қатысты.

Акцияның басты қатысушылары балалар болды. Олар сұрақ-жауаптарға қызығушылықпен қатысып, туған өлкесі, құстар туралы білімдерін көрсетті. Балалар «қанатты достарымызға» арналған экологиялық концертін көрсетті. Мұражай қызметкерлерінің әртүрлі құстарды көрсетіп, олардың дыбыстарын тыңдатқаны қатысушыларды қатты қызықтырды. Балалар ата-аналарымен біріге отырып «Құстардың жаңа мекені» атты көрме ұйымдастырды, ол жерде жыл құстарына арналған ұялар мен жемсауыттар көрсетілді.

Қорытынды бөлімінде «ЭКОШ» ҚҚ жетекшісі Страшко Л.К. экологиялық акциясының барлық қатысушылары мен қонақтарына туған өлкенің табиғатын қорғау жөнінде өз тілектерін білдіруді ұсында.

«Біздің қанатты достарымыз» экологиялық акциясы ересектер мен балаларды өз өлкесінің табиғатын байыту, сүю, қорғау және кішкентай достарымызды сақтау жолында бірлестірді.