Құрметті ата-аналар!
09-09-2022 00:00
Құрметті ата-аналар!
Құрметті ата-аналар!
Білім бөлімі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде Сіздің назарыңызға жеткізеді.
12 қыркүйектен бастап Индиго порталында жас кезеңділігі бойынша өзгерістер енгізіледі.
Жас топтары балалардың күнтізбелік жылдағы толық жасын ескере отырып құрылады. Осылайша, 2 жас кіші тобында 2020 жылдың соңына дейін туылған балалар үшін орындар қол жетімді болады.
БАЛАБАҚШАЛАРДА ТОПТАРҒА ОҢТАЙЛАНДЫРУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ ЖӘНЕ ОРЫНДАР БОСАТЫЛУЫНА ҚАРАЙ ПОРТАЛДА ЖАРИЯЛАНАДЫ.