"Ер Төстік" бөбек-жайында Денешынықтыру-сауықтыру апталығынан көрініс.
01-03-2021 14:17

"Балалар спорт әлемінде»

15- 19 ақпан аралығында денешынықтыру-сауықтыру апталығы өткізілді.

«Ер Төстік» бөбекжайы 15-19 ақпан аралығында «Денсаулық- әлемдегі ең бастысы екенін ересектер де, балалар да білуі керек!» ұранымен  дене шынықтыру – сауықтыру сауаттылық апталығын бастады.Барлық топтарға Ер Төстік батыр қонаққа келді. Тыныс алу жаттығулары орындалып,таңертеңгі гимнастикалар музыканың сүйемелдеуімен балалардың көңілін көтеріп,ұйқысын ашты.Ер Төстік батыр барлық топты аралап, «Айгөлек», «Арқан тартыс», «Алысқа лақтыр» ойындарының тәртібімен таныстырып балалармен бірге ойнап, көктем келе жатқанын айтып жайма шуақ күндері асыр салып ойнайтын кездерде осы ұлттық ойындарды ойнап,күш-жігер жинауға шақырды.