Қыста кітап оқимыз ! «Оқуға құштар мектеп» жобасы "Қыста кітап оқимыз" акциясы
10-01-2023 10:06
Қыста кітап оқимыз ! «Оқуға құштар мектеп» жобасы

Қыста кітап оқимыз !
«Оқуға құштар мектеп» жобасы "Қыста кітап оқимыз" акциясы аясында оқушылар, ата-аналар кітап беттерінде қызықты саяхат жасап, қыстың тылсым дүниесімен танысып, кітап кейіпкерлерімен жүздесіп, ойша таңғажайып жерлерге барып, көптеген жаңа және қызықты оқиғалардың куәгерлері болды. Акцияның арқасында балалар оқудан ләззат алып, біліммен және көркем шығармалардан рухани нәр алды.
Ерекше атап өтетін 3 А, 3 Ә, 4 А, 6 А, 7 В,8 А сынып оқушылары қысқы мезгілді жақсы көретіндіктерін дәлелдеп, өз ойларымен бөлісіп, оқыған кітаптарының кейіпкерлерін кескіндей білді.
«ҚЫСТА КІТАП ОҚИМЫЗ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА