Балқаш қаласы білім бөлімнің “Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі” КММ «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында балалардың шығармашылық дамуы және оқуға деген қызығушылығын арттыру, заманауи әдіс- тәсілдердің тиімді пайдалану мақсатында «Мектеп кіта
02-12-2022 09:51

02 желтоқсан күні Қарағанды облысы білім басқармасының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Балқаш қаласы білім бөлімнің “Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі” КММ «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында балалардың шығармашылық дамуы және оқуға деген қызығушылығын арттыру, заманауи әдіс- тәсілдердің тиімді пайдалану мақсатында «Мектеп кітапханасы қызметінде заманауи әдіс- тәсілдердің тиімділігі» атты воркшоп өтті.
Воркшопқа Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері С.Б. Рахметова жетекшілігімен 100-ге жуық жас мамандар мен кітапханашылар қатысып, тиімді әдіс-тәсілдермен практикалық жұмыс жасап, білімдерін шыңдады.