Размер шрифта:
17.11.22 ж. күні жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Қоғамдық орында темекі шегу және алкогольді ішімдіктен аулақ болу» тақырыбында 8 -9 сынып оқушыларына құқықтық білім сағаты өтті.
18-11-2022 11:56

Құқықтық тәрбие сағатының спикерлері география пәнінің мұғалімі Сатбек С.К., алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Сауғамбаев Т.Е., мектеп-лицей әлеуметтік педагогы Исаинова М.Б.
Құқықтық білім сағатының мақсаты:
-темекі мен ішімдіктің зиянын оқушыларға түсіндіру.
-қазіргі қоғам талабына сай салауатты, білімді ұрпақ тәрбиелеу.
-осы зиянды заттардың салдары туралы білімін кеңейту, оқушының ой-пікірін ортаға салу.

 «Темекіден түтін сорсаң улайсың, өзіңді-өзің жіпсіз байлап шырмайсың»
 «Болар бала кісілікке үйір, тозар бала ішімдікке үйір»
 «Есірткіге жолама, жетелейді молаға» ұрандары негізінде оқушылардың пікірлері тыңдалды.
Мектеп-лицей ұстаздары Сатбек С.К. оқушыларға қазіргі қоғамда бизнеске айналған энергетикалық сусындар мен түрлі хош иісті электронды темекінің (вейп) адам денсаулығына тигізер зиянына кеңінен тоқталса, Сауғамбаев Т.Е. темекі мен ішімдіктің соңы адам баласын нашақорлыққа жетелейтін түсіндіріп өтті.
Құқықтық білім сағатының соңында әлеуметтік педагог Исаинова М.Б. оқушыларға түрлі жағдаятты тапсырмалар беріп, жағдайдан қалай шығу жолдарын білуде оқушылардың ойын тыңдады.
Оқушылар ренжіген, шаршаған жағдайда жанға жайлы музыка тыңдағанды ең тиімді тәсіл екенін жеткізді.