10 тамыз - Дала философы, қазақтың ұлы тұлғасы — Абай Құнанбайұлының туған күні.
26-08-2022 10:32
10 тамыз - Дала философы, қазақтың ұлы тұлғасы — Абай Құнанбайұлының туған күні.

10.08.2022ж
10 тамыз - Дала философы, қазақтың ұлы тұлғасы — Абай Құнанбайұлының туған күні.
Абай Құнанбайұлы ғұлама ғалым, ойшыл ақын, ағартушы ұстазы, ұлтымыздың тұғыры биік мақтанышы. Абай шығармашылығы әлемдік туындылар қатарында орын алған халқымыздың баға жетпес мұрасы мен рухани азығы.
Хакім Абайдың шығармашылық мұрасын насихаттау, ұлы ойшылдың даналыққа толы туындыларынан оқушылар бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дамыту мақсатында «Абайды білмек парыз ойлы жасқа..» тақырыбында тағылымды сағат өткізілді. Рухани іс- шарада ұстаздар мен оқушылар ақын өлеңдері мен қара сөздерін оқып, мағыналы сөз маржандарын ортаға салды.
Сонымен қатар "Абай мұрасы - ұрпаққа өнеге" тақырыбында ақпараттық кітап көрмесі ұйымдастырылды.