"Кітап оқу - рухани кемелденудің көзі"
10-06-2022 10:41

"Кітап оқу - рухани кемелденудің көзі" деп Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, кітап оқу - білімге ұмтылысты, дүниетанымды кеңейтуді, адамның өзін тануын білдіреді. Кітап оқитын адам ақылды, парасатты және білімділігімен, мәдениеттілігімен ерекшеленеді.
Кітап- адамның жан дүниесінің асыл қазынасы екендігін түсіндіру; Сыйлыққа кітап сыйлаудың маңыздылығын ұғындыру мақсатында мектеп-лицейіміздің ауласында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Кітап әлемді бағындырады" атты дәстүрлі кітап сыйлау акциясы өткізілді. Акцияға 1-10 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар оқып бітірген кітаптарын құпия нөмірлер арқылы бір-біріне сыйға тартты.