«Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер газетінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Жас тілшілер» форумы
10-06-2022 10:33
«Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер газетінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Жас тілшілер» форумы

10.05.2022 күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Журналистика факультеті мен «Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер газетінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Жас тілшілер» форумы өтті. Мектеп-лицей оқушылары форумға 2014-2015 оқу жылынан бастап тұрақты қатысады.
«Жас тілшілер» форумы «Үздік жаңалық» номинациясы бойынша «Журналист болғың келе ме?» республикалық мектеп оқушылары арасындағы шығармалар байқауында І дәрежелі дипломмен 10Ә Күлік Іңкəр , 9Б Алтымбекова Айнұр, Амиртаева Анель, ІІ дәрежелі дипломмен 11А Габдулманат Ерасыл , ІІІ дәрежелі дипломмен 9Б Ахметбекова Аружан марапатталды.
Мектеп-лицей директоры жеңімпаз оқушыларды құттықтады.
Жүлделерді 2020-2021 оқу жылының түлегі, ҚазҰУ Журналистика факультеттінің 1-курс студенті Павлик Олжас өз қолымен табыстады.
Болашақ жас тілшілермен өз кеңестерімен бөлісіп, форум жайында қызықты сұрақтар қойды. Одан бөлек, 1930 жылдан бастау алатын 90 жылдан астам тарихы бар «Ұлан» газетімен оқушыларды таныстырып, газетке мақала жазуға, «Ұланмен» дос болуға шақырды.