жазушы Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары бойынша оқырман конференциясы
17-05-2022 10:29
жазушы Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары бойынша оқырман конференциясы

 Мектеп-лицей кітапханасында 5-6 сынып оқушылары арасында жазушы Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары бойынша оқырман конференциясы өтті.
Мақсаты: Қазақ балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқушының кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту, ойлау қабілеттерін, көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту, рухани танымын кеңейтуге ықпал ету;
Балалар әдебиетінің бәйтерегі, артына маржандай мұра қалдырған жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетіліп, кітап көрмесімен танысты.
Конференция барысында  Маутказинов Ернұр, Тюльтаева Камила, Мажихан Анель, Дюсембекова Аяна, Сәбит Аруна, Меңдібай Елнұр, Тұрсынбек Айзат, Ернатова Дилярам, Жақсыгелді Мансұр, 
Марал Нұрхан сынды оқушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.