"Кітап – біздің досымыз» атты әдеби-танымдық сағаты
17-05-2022 09:50

Мектеп-лицейдің «Оқырмандар аллеясы» залында 23 сәуір - Халықаралық кітап күніне арналған «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 2-сынып оқушыларының қатысуымен "Кітап – біздің досымыз» атты әдеби-танымдық сағаты өтті.
Оқушылардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру, білімдерін жетілдіру, сөздік қорларын дамыту мақсатында ұйымдастырылған шара барысында:
«Мақта қыз бен мысық»,
 «Ұр, тоқпақ!» ертегілерін сомдап, заманауи 3D, 4D кітаптарын тамашалады. Көрермен болған ата-аналар мен оқушылар әдемі кері байланыс орнатып, кітаптың адам өміріндегі пайдасы жайлы пікір алмасты.