«Кітап – білім мен мәдениеттің қайнар көзі» тақырыбында презентация көрсетілді
30-04-2022 11:33
«Кітап – білім мен мәдениеттің қайнар көзі» тақырыбында презентация көрсетілді

2 –сәуір Халықаралық балалар кітабы күні қарсаңында мектеп-лицей кітапханасында түрлі формада шаралар ұйымдастырылып, өткізілуде. Бұл мереке елімізде 1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай атап өтіледі.
02.04.2022 күні «Кітап – білім мен мәдениеттің қайнар көзі» тақырыбында презентация көрсетілді. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, кітап оқу ережелері, пайдасы жайлы кеңестер берілді.
04.04.2022 күні 1-11 сынып оқушыларына «Кітаппен өмір шуақты» сынып сағаты ұйымдастырылды. Сынып сағатының мақсаты балалармен атаулы күннің не туралы, қалай пайда болғаны жөнінде ақпараттармен бөлісу, кітаптың адам өміріндегі маңызын көрсету. Оқушылар кітап оқу арқылы қандай пайдалы нәрсе үйренгендігін, кітап оқудың пайдалы жақтарын айта отыра, өздері оқыған кітаптары туралы ой бөлісіп, қызықты етіп жарнамалап, бір-біріне қызықты кітаптарды оқуға кеңес берді.
Қалалық А.Гайдар атындағы балалар кітапханасына 5 «Б» сынып оқушылары зияткерлік ойынға қатысып, нәтижесінде Сапар Ділнәз 2-орынмен марапатталып, басқа да қатысушыларға сыйлыққа кітап берілді.