Поэзия сағаты
30-04-2022 11:19
Поэзия сағаты

20.04.2022 жылы Балалар жылы аясында қарымды қаламгер, балалар ақыны Жеңіс Қашқыновтың шығармаларына арналған қаламгердің өмір жолын, шығармашылығын таныстыру, оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында «Жеңіс ақын - елінің жүрегінде» атты мектепалды даярлық тобы, бастауыш сынып, орта буын оқушыларының қатысуымен поэзия сағаты өтті.
7 «Б» сынып оқушысы Қауазхан Мирас ақынның «Киелі көл», «Атамекен», 8 «Ә» сынып оқушысы Маратбекова Асель «Ақтоғайым», мектепалды даярлық тобы бүлдіршіндері «Санамақ», «Мектепке өзім барамын», «Тақпақ», «Азамат», 2 «Ә» сынып оқушылары «Кешкі күн», «Қоңыраулы сағат», «Кітап», «Ұстазым» өлеңдерін оқып, Жеңіс Қашқыновтың өзінің оқыған өлеңдері түсірілген бейнебаян көрсетілді.