«Заманауи ертегілер - Modern fables» библиофреш өткізілді.
08-04-2022 14:50
«Заманауи ертегілер - Modern fables» библиофреш өткізілді.

06.04.2022 жылы Халықаралық балалар кітабы күніне арналған «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 2-3 сыныптар оқушыларымен ертегілер туралы білімдерін жетілдіру, сөздік қорларын, ой-санасын, көз алдарына елестету қабілеттерін дамыта отырып, ертегі оқуға баулу мақсатында «Заманауи ертегілер - Modern fables» библиофреш өткізілді.
Шара барысында оқушылар «Ертегілер кейіпкерлері» шеруін тамашаласа, 3 сынып оқушылары «Қошқар мен теке» ертегісіне сахналық қойылым көрсетті. Қалалық А.Гайдар атындағы балалалар кітапханасының кітапханашылары заманауи ертегілердің 3 D, 4 D электронды кітаптарымен таныстырып, мектеп-лицейдің инженер-жабдықтаушы Н.Жиенбай электронды қалам арқылы оқушыларға ертегіні оқу жолын көрсетті.
Көрермендер «Ертегі кейіпкерлерін тап» ойынына қатысып, суреттер арқылы ертегі кейіпкерлерін тауып, оқушылар Қайратова Мерей, Бейсембаева Айсұлтана, Молболсын Сұлтан, Айдосов Ерали, Өмірғалы Нұрәлі, Берік Әли, Манарбек Фердаус, Аубакирова Айару ертегілер бойынша кері байланыс жасады.