«Наурыз - құт-береке бастауы!» атты ақпараттық кітап көрмесі
24-03-2022 10:35
«Наурыз - құт-береке бастауы!» атты ақпараттық кітап көрмесі

16.03.2022 ж. кітапханада Наурыз мерекесінің шығу тарихы туралы түсінік беру, имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Наурыз - құт-береке бастауы!» атты ақпараттық кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде Наурыз мерекесі туралы түсінік беріліп, оқушылар Ұлыстың ұлы мерекесі жайлы көрнекті ақын-жазушылардың шығармаларынан үзінділер оқып, көрмеге қойылған кітаптармен танысып, оқушылар Наурыз нақыштары жайлы өз ойларымен бөлісіп, кері байланыс орнатылды.