1 сынып оқушылары «Даналық әліппесі» кітабына ауызша саяхат жасады
18-03-2022 17:27
1 сынып оқушылары «Даналық әліппесі» кітабына ауызша саяхат жасады

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында үзілісте, сыныпта кітап оқу дәстүрге айналуда. Наурыз мерекесі қарсаңында 1 сынып оқушылары «Даналық әліппесі» кітабына ауызша саяхат жасады.
«Даналық әліппесі» кітабы оқушының жас ерекшеліктеріне сай рухани құндылықтар арнасында тәрбиелеуге, дамытуға арналған. Кешеннің мазмұнына он екі кітап: қобыз үні, домбыра күйі, бесік жыры, халық әні, халық аңызы, халық ертегісі, халық тағылымы, халық жыры, нақыл сөз, билер сөзі, аталар сөзі, бабалар батасы енгізілген. Аталған кітапты 1 «А» сынып оқушылары тамашалады. Инновациялық технология негізінде әзірленген кешеннің сөйлейтін қаламын пайдаланып, тыңдап, қызыға оқыды.