«Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында ақпараттық-танымдық кітап көрмесі
02-03-2022 09:55
26.02.2022 күні көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, тіл білімінің негізін қалаушы, әдебиет зерттеуші, түркітанушы, дарынды ақын, публицист, педагог, аудармашы және Қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, «Алаш партиясы» мен «Алашорда» үкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай  «Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында ақпараттық-танымдық кітап көрмесі ұйымдастырылды. 
Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы, шығармалары арқылы қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасуына қосқан еңбегін таныту. Ұлтына барша өмірін арнаған, ұлт мүддесін қара басының қамынан артық қойған ұлтжандылық сипатын ашу.
Көрмеге қойылған кітаптарды оқып, ақын туралы деректермен танысып, басқа да тың ақпаратты оқушылармен бөлісуге шақырамыз.