Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасы аясында «Білім сапасын қамтамасыз етудегі бағалаудың рөлі»
17-02-2022 15:38
Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасы аясында «Білім сапасын қамтамасыз етудегі бағалаудың рөлі»

22.10.2021 күні «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ұлт ұстазы, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасы аясында «Білім сапасын қамтамасыз етудегі бағалаудың рөлі» тақырыбындағы дөңгелек үстелге мектеп-лицей әкімшілігі қатысты.
Бағалаудың білім беру сапасындағы рөлі талқыланып, кездесу бағалау процесі туралы педагогтердің өзекті сауалнамасынан басталды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова сапалы әрі нақты баға оқушының дамуына, өзінің күшті немесе әлсіз тұстарын түсінуге, сондай-ақ мамандық таңдауға және жалпы болашағын анықтауға әсер ететінін атап өтті.