«Мәтінмен жұмыс істеу арқылы функционалдық сауаттылықты арттыру» тақырыбында «Оnline» форматта оқыту семинарын өткізді.
17-02-2022 15:04
«Мәтінмен жұмыс істеу арқылы функционалдық сауаттылықты арттыру» тақырыбында «Оnline» форматта оқыту семинарын өткізді.

05.11.2021күні қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес қалалық деңгейде Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласы білім бөлімінің  «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Г.М.Жуманова «ЗЕЙІН» облыстық педагогикалық жобасы аясында «Мәтінмен жұмыс істеу арқылы функционалдық сауаттылықты арттыру» тақырыбында «Оnline» форматта оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қала мектептерінен 40 мұғалім қатысты.
Мақсаты: Бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндердің мазмұны арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру қажеттілігі туралы түсінік беру 
Семинар барысында әріптесіміз тіл білімі саласында мәтінмен жұмыс түрлерін көрсете отырып, өз іс-тәжірибесімен алмасты.