«Түнгі қаладағы балалар»
06-12-2021 10:23

Республикалық ұйымдастырылған «Бала құқығы-адам құқығы» атты айлық аясында өткен «Түнгі қаладағы балалар» қалалық рейд ақпары.

2021 жылы 3,4 қараша күндері «Түнгі қаладағы балалар» жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, бақылау, балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, қараусыз, сабақты жиі босататын, жағдайы төмен отбасындағы балаларға кешкі рейдтік іс-шарасы өткізілді. Аталмыш іс-шараға мектептің әкімшілігі, сынып жетекшілер және ер мұғалімдер қатысты.
Күндізгі 14:00-15:00 аралығында сынып жетекшілер және әлеуметтік педагог, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлар бірлесіп, қамқорлықтағы және мектеп-лицейішілік есепте тұрған оқушылардың үйлеріне рейд жүргізді. Рейд барысында оқушылардың отбасы жағдайы, тәртібі, каникул уақытындағы демалыстары жайлы сөз қозғалды.
Кешкі уақытта сағат 21.00-23.00 аралығында мектептің ер мұғалімдер тобы Шашубай мөлтекауданы, Қараменде би, Ш.Уәлиханов көшелерін және "Космос" тойханасына, "Бақыт","Алтын шаңырақ" т.б. кафелеріне, авто жуу кешендері, жанар май бекеттеріне, саябақтарға рейд жүргізді. Рейд қорытындысы бойынша бекітілген мөлтекаудандарда тәртіп бұзушылығымен көзге түскен, көшеде бейберекет жүрген оқушы болған жоқ.