Құрметті ата-аналар!
18-11-2021 11:01
Құрметті ата-аналар!

27.11.2020.ж. Білім Басқармасы мен Қарағанды облысының ТЖ Департаментімен келісіліп бекітілген және Қарағанды облысының білім беру ұйымдарында қыс мезгілінде оқушылардың қауіпсіздігі  мен денсаулығын сақтау мақсатында келесі қолайсыз ауа-райы метеожағдайлары туындаған кезде сабақ тоқтатылады:

0-4 сыныптарда:

    -Секундына 2 метр және одан да жоғары жылдамдықпен соққан желді, -25 градус  және одан да төмен градус Цельсий(ары қарай - ℃) бойынша аязда;

 -17 м/с және одан да жоғары соққан жел мен боранда;

-қатты көктайғақта,егер оқушының өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе;

5 – 9сыныптарда:

-Секундына 2 метр және одан да жоғары жылдамдықпен соққан желді, 30 және одан да төмен градус аязда;

-20 м/с және одан да жоғары соққан жел мен боранда;

- қатты көктайғақта,егер оқушының өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе;

 10 – 11сыныптарда:

-Секундына 2 метр және одан да жоғары жылдамдықпен соққан желді, 35℃және одан да төмен градус аязда;

- 25 м/с және одан жоғары дауылды желде;

- қатты көктайғақта,егер оқушының өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе;

Сабақтың тоқтатылатыны жөніндегі ақпарат білім бөлімі сайтында,ата-аналар мен оқушылар чатында,әлеуметтік желілерде берілетін болады:

-Сағат 6.45-тен 8.00-ге дейін бірінші ауысым үшін;

-Сағат 11.15-тен 13.00 дейін екінші ауысым үшін.

 Сабақ тоқтатылған күні мектепке келген оқушылар үшін  кестеге сәйкес сабақ толық көлемде өткізіледі.

Ескерту:Ұсынымдардағы қандай да бір өзгерістер туралы қосымша хабарланатын болады.

 

 

«Балқаш қаласының білім бөлімі»ММ