«Күш - білімде, білім - кітапта» атты дөңгелек үстел
15-11-2021 16:39
«Күш - білімде, білім - кітапта» атты дөңгелек үстел

Республикалық  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 25 - 29 қазан аралығында Қарағанды облысы білім беру ұйымдарында Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы мен Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Кел, балалар, оқылық!» апталығы өтуде. 
Апталық аясында 28.10.2021 жылы 8- 11 сынып оқушылары мен кітапхана кеңесі, мектеп-лицей директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Аупешова А.Қ., қала мектептерінің кітапханашыларының қатысуымен «Күш - білімде, білім - кітапта» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып,  «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, Ұлттық академиялық кітапхана басшысының  орынбасары, Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананың IT маманы Нұржан Нұрланұлы Жолдыбалинов кездесу өткізілді. 
Кездесуде 10 «Ә» сынып оқушысы Күлік Іңкәр, 9 «Б» сынып оқушысы Бекенов Темірлан, Қалқаман Аслан, 8 «Б» сынып оқушысы Қыдырбай Жанбота, 11 «Ә» сынып оқушысы Кенжеғалым Бақытжан, Жанабек Дарын, Қошанова Айымжан қонаққа көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, сүбелі жауаптарын тыңдады. Қала кітапханашылары өздерінің жылы лебіздерін білдірсе, 10 «Ә» сынып оқушысы Көрпетай Елтай Нұржан Нұрланұлына арнаған «Арнау» оқып, Нұржан Нұрланұлы Жолдыбалинов бар білімнің қайнар көзі - кітап екені жайлы айтып, оқушыларға ақыл-кеңесін беріп, тиянақты ойларымен түйіндеді.