«Даланың дара ұстазы Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл»
15-11-2021 16:25
«Даланың дара ұстазы Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл»
25 - 29 қазан аралығында Қарағанды облысы білім беру ұйымдарында Тәуелсіздіктің 
30 жылдық мерейтойы мен Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Кел, балалар, оқылық!» апталығы аясында кітапханада «Даланың дара ұстазы Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл» тақырыбында 3 «А», 3 «Ә» , 3 «Б» , 3 «В» сынып оқушыларының қатысуымен Ы. Алтынсариннің шығармаларына арналған оқырман конференциясы өткізілді.
Мақсаты: қазақтың дарынды дара тұлғасы, педагог-ағартушы Ы. Алтынсариннің өлшеусіз еңбектерінің маңызы зор екенін түсіндіру, бастауыш сынып оқушыларына заман талабына сай ұлы ағартушының шығармаларын оқыту.
Конференция барысында Ы. Алтынсариннің «Әке мен бала», «Мейірімді бала», «Бір уыс мақта», «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Қарға мен құрт», «Бай баласы мен жарлы баласы» шығармалары бойынша Серікбай Аяла, Аманбекова Кәусар, Өмірсерік Мирас, Серікбай Жансая, Мырзабек Айару, Манарбек Фирдаус, Мырзабек Алдияр өз ойларын ортаға салса, «Шеше мен бала» шығармасын Антай Айлин, Иманғазы Әмірхан, Қайрат Мерей, Бейсенбаева Айсұлтана, Тлеуғабыл Мирас рөлдерге бөліп оқыды.