«Жақсы әдет-ең қымбат мирас»
15-11-2021 16:08
«Жақсы әдет-ең қымбат мирас»

13.10.2021 ж.
«Шеберлер әлеміне саяхат» эстетикалық пәндер апталығы аясында кітапхана кеңесі мүшелері, 11 «Ә» сыныбы оқушыларының ұйымдастыруымен «Жақсы әдет-ең қымбат мирас» тақырыбында постер, буклет, бейнебаян қорғалды. Әдептілік, ар-ұят, адамдықтың белгісі дегендей әдепті болу сөзінің мағынасын Қошанова Айымжан «Жақсы әдеттер чек-листісі» тақырыбын бейнебаян арқылы аша білсе, Раимова Эльнара, Медеу Әдемі «Жақсы әдеттер медитациясы» тақырыбымен буклет қорғады. Шалғынбаева Мадина, Жәрдемова Маржан сынды оқушылар «Адам бойындағы жақсы әдеттер» жайлы постер құрып, сыныптастарымен ой бөлісті.
Қорытыңдылай келе, оқушылар бір-біріне ізгі тілектерін стикер арқылы білдіріп, алма ағашына ілді.