«Мектеп оқулығына қамқорлық жасаңыз!»
15-11-2021 15:14
«Мектеп оқулығына қамқорлық жасаңыз!»

6-7 қазан күндері мектеп-лицейде
«Мектеп оқулығына қамқорлық жасаңыз!» акциясы өтті.
Аға тәлімгер және кітапхана меңгерушісінің жетекшілігімен «Мектеп парламенті» депутаттары мектеп оқулықтарының жағдайын тексеріп шықты.
КІТАП КҮТУ, ҰСТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Оқулықтарды мұқамен қаптаңыз.
Оқулыққа бетбелгі қосыңыз.
Інілер мен қарындастардың оқулықтарына қамқорлық жасаңыз.
Оқулықтарды үй жануарларынан қорғаңыз.
Оқулықтағы беттерді жыртып алмаңыз. Оқу кезінде оқулықты майыстырмаңыз.
Оқулық беттеріне қаламмен белгі қоймаңыз.
Келесі бетін ашқанда, ақырын, оң жақ жоғарғы бұрышынан айналдырыңыз.
Жыртылған беттерді бірден жабыстырыңыз.
Оқулықты тапсырған кезде барлық жазбаларыңызды өшіріңіз, қажет болса оқулықты желімдеңіз (тек ПВА желімімен).
Есіңізде болсын! Егер оқулық жоғалса немесе бүлінсе, оны жаңасына ауыстыру қажет.