«Өгей әке» тәрбиесінде тәрбиеленуші оқушылардың өгей әкелермен өткен кездесу
18-05-2021 15:15
«Өгей әке» тәрбиесінде тәрбиеленуші  оқушылардың өгей әкелермен өткен кездесу

14.05.2021 ж. күні  Балқаш қаласы бойынша ОП жергілікті полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы  Нұрбек Аян Алтайұлы мектеп-лицейде кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау және кәмелетке толмағандардың қауіпті әлеуметтік орта жағдайын алдын-алу және жою жұмыстары бойынша  қолайсыз отбасыларда «өгей әке» тәрбиесінде тәрбиеленуші оқушылардың өгей әкелермен кездесу өткізді.               

Мектеп-лицейде «өгей әке»статусымен тұратын оқушылар саны-16, отбасы саны-14.     Отбасындағы балалардың тәрбиесімен айналысатын ата-аналардың жауапкершілігін  анықтау, бақылау мақсатында мектеп-лицей инспекторы  Нұрбек А.А. әр оқушының өгей әкелерінен жазбаша түсініктеме алды. Түсініктеме мазмұнында отбасы бірлігі, татулығы, неке түрі, отбасындағы өзгенің және өз балаларына бірдей көзқарасы, күнкөрісі, үй-жайы, жұмысы, тәртіп бойынша есепте тұрмағаны немесе есепте тұрғанын анықтау, баланың анасының туысқандарымен қарым-қатынасы туралы толық ақпарат алынды.