ҰБТ – ға дейін және жүргізілу кезіндегі мінез – құлқыңызға ұсыныстар
27-01-2017 05:05

ҰБТ – ға дейін  және  жүргізілу  кезіндегі  мінез – құлқыңызға  ұсыныстар

1. ҰБТ- ға бір күн қалғанда ештеңе істемеңіз.  Егер бір нәрсе оқып үлгермесеңіз, жақсысы  әрекет етпейт- ақ қойыңыз. Керісінше дем алып көңіл көтеріңіз. Ертеңгі ҰБТ – ны ұмытпауға тырысыңыз;

2. ҰБТ болар алдында жақсылып ұйықтаңыз;

3. Міне сіз ҰБТ алдындасыз. Тынышталыңыз! Бірнеше рет: «Менің жан дүнием тыныш. Менің жаным тыныш» деп айтыңыз.ҰБТболатын  аудиторияның  алдына бес минут бұрын ғана келіңіз. Неғұрлым ұзақ тұрсаңыз, соғұрлым өзіңізге  сенімсіз болып, қорқа түсесіз;

4. Тест тапсыруға кіргенде  өз эмоцияңызды, ойыңызды жинақтаңыз;

5. Аудторияға  бәрі ойдағыдай болады деп сенімді кіріңіз;

6. Жайлы отырып, бойыңызды түзеңіз. Сіз бәрінен биік, ақылды екеніңізді, бәрінің де ойдағыдай  болатынын ойлаңыз. Ойды басқаға аударудың қажеті жоқ, өйткені ол қосымша күшті қажет етеді. Соңында саусақтарыңызды бүгіп жұдырықтаңыз;

7. Күштену мен қатаюдан арылу үшін тыныс алу жаттығуларын орындау:

·        Жайлы отырыңыз;

·        Мұрын арқылы терең дем алу (4-6 секунд)

·        Тыныс алуды тоқтату (2-3 секунд);

8. тестілеу қағаздарын толтыру туралы артық сұрақ қоймау үшін және алаңдамау үшін  мұқият тыңдаңыз. Сізге барлығын түсіндіреді, бланкті қалай толтыру керек, қандай әріптермен жазу керек, мектептің томерін қалай кодтау керек т.б;

9. айналадағыларды ұмытып ойыңызды бір жерге жинақтауға тырысыңыз. Сіз үшін тест орындауды реттейтін сағат,  тапсырмасы бар бланк маңызды. Тапсырманы  соңына дейін оқыңыз. Асығып басын оқып, соңын өзіңіз ойлап  таба салмаңыз;Асықпай уақытты үнемді пайдалануға тырысыңыз;

10. Барлық сұрақты қарап шығыңыз және өзіңіз сенімді сұрақтарға жауап беріңіз. Сонда сіз тынышталып жұмыс ырғағына кіресіз. Кез келген тест жұмыстарында сіз өте жақсы білетін сұрақтар бар, тек уақытылы ойды жинақтау керек;

11. Жаңа тапсырманы орындағанда,  алдындағы тапсырманы ұмытыңыз, өйткені тестегі тапсырмалар  бір – бірімен байланысты емес;

12. сызып тастау әдісімен әрекет етіңіз! Сәйкес келмейтін жауаптарды  сызып тастаңыз;

13. Өз жауабыңыздың дұрыстығына күмәндансаңыз, онда сізге таңдау жасау қиын. Өз интуицияңызға сеніңіз;

14. Жұмысты тексеріп шығуға, қателерді жөндеуге  уақыт қалдырыңыз;

15. Барлық тапсырманы орындауға тырысыңыз,бірақ бұл практикада шынайы емес.  Өйткені  тестік тапсырмалар қиын,  жақсы баға алу үшін 70 пайыз тапсырманы  меңгерсе жеткілікті.

Жауап беру кезіндегі  мінез – құлық. Егер тест алушы энергияға толы, толы қуатты болса, онда сіздің  үзілістермен айтылған жай жауабыңызды қанағаттандырмауы мүмкін. Егер тест алушы салмақты болса, онда сіздің эмоцияға толы ым -  ишараңызбен,  көтеріңкі дауысыңыз ұнамауы мүмкін. Ешқашан да шек  дегенді ұмытпаңыз. Артық еш нәрсе қажет емес.