Ақпарат
14-03-2023 09:54
Ақпарат

10.03.2023 күні «SaNa» дебат клубының ұйымдастыруымен «Abai CUP I» атты оқушылар арасындағы дәстүрлі аймақтық пікірсайыс турнирі өтті.Турнирдің мақсаты: Оқушылар арасындағы интеллектуалды жарыстар мен конструктивті пікірталастарды насихаттау, дебаттық клубтар мен педагогтар арасында тәжірибе алмастыруға ықпал ету. Абай мұраларының әлем өркениетіне қосқан үлесін оқушылар арасында насихаттау.

«Ұшқын» дебат клубының спикерлері, 10 «А» сынып оқушылары - Өмірғазы Аяулым мен Асетова Аяулым 14 фракцияның ішінен топ жарып шығып, жүлделі 2 орынды иеленді.

Турнир американдық парламенттік (АПФ), британдық парламенттік (БПФ) және Линкольн-Дуглас (ЛД) форматтарында өтті.