Ақсораң (Сарыарқа)
07-02-2022 14:32
Ақсораң (Сарыарқа)

Ақтоғай (Қарағанды облысы

Ақтоғай — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы ауыл, аудан (1931) және Ақтоғай ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Облыс орталығы – Қарағанды қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 209 км-дей жерде, Тоқырауын өзенінің оң жағалауында орналасқан. Төңірегін Жосалы, Шатырша, Ақтоғай таулары алып жатыр. Ең жақын темір жол стансасы - Балқаш (190 км жерде).

Тарихы

Ақтоғайдың іргесі 1926 жылы Басши артелінің орталығы ретінде қаланған.

Халқы

Жергілікті тұрғындар саны 1999 жылы 4186 адам (2140 ер адам және 2046 әйел адам) болса, 2009 жылы 3145 адамды (1568 ер адам және 1577 әйел адам) құрады.

Инфрақұрылымы

Ауылда орман өсіру стансасы, кәсіптік-технологиялық училище, баспахана, 2 орта мектеп, спорт, музыка мектептері, аурухана, емхана, мәдениет үйі, кинотеатр, кітапхана, халық театры бар. Аудандық “Арқа еңбеккері” газеті шығады.

Ақсораң (Сарыарқа)

Ақсораң – Қызыларай тау массивінің оңтүстік бөлігіндегі тау, Сарыарқаның биік жері.

Географмялық орны

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының жерінде, Шылым ауылынан шығысқа қарай 12 км-ге созылып жатыр. Биіктігі 1565 м, ені 7 км.

Геологиялық құрылымы

Пермьнің граниттерінен, төменгі пермь, орта тас көмір дәуірі жыныстарынан түзілген.

Жер бедері

Солтүстікке қарай еңістеу келген аласа таудан тұрады. Қаратал, ЖіңішкеСарыөлең өзендері бастау алады.

Өсімдігі

Тау беткейлерінде қарағай орманы, тауаралық аңғарлардағы қызыл қоңыр топырағында қайың, көктерек, тал, арша, қараған; ойпаң жерінде тобылғы, астық тұқымдас әр түрлі шөпті шалғын өседі.Таудың табиғи көркі мен табиғат байлығы шаруашылық әрекеттерге көп ұшырай қоймауы мұнда болашақта қорық ұйымдастыруға толық мүмкіндік береді.