«Ұлттың ұлы ұстазы»
13-09-2022 10:35

 Бауыржан Момышұлы атындағы  жалпы білім беретін мектеп кітапханасында өткен «Ұлттың ұлы ұстазы» атты кітап көрмесі туралы ақпарат

     09.2022ж мектеп кітапханасында  Қазақстан халқы тілдері күніне және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған 05-16 қыркүйек аралығында өткен «Тіл кемел болашақтың тұғыры » атты декада аясында қазақ халқының рухани көсемі,Алаш-Орда өкіметінің мүшесі,аудармашы,қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың  туғанына 150 жыл толуына байланысты «Ұлттың ұлы ұстазы» атты көрме ұйымдастырылды.

         Кітапханашы  З.Шайбекова оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының  саналы ғұмырында елі, халқы үшін істеген игі істерін үлгі ету мақсатында артына қалдырған еңбектері туралы кеңінен мағлұматтар беріп,өмір жолдары мен шығармаларына тоқталып өтті. Ақынның «Оқуға шақыру» өлеңінен  үзінді оқып, оқушыларға  кітап көрмесіндегі А.Байтұрсыновтың  «Әдебиет танытқыш » кітапбында жинақталған шығармаларымен таныстырып, оқуға ұсынды.