"Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық қасиет"
01-09-2022 15:49
Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ-де 1 қыркүйек-Білім күні және «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында мектеп директоры Абдуалиева Айна Тлеккабыловна  бүлдіршіндерді құттықтау сөзімен бастап, өткен оқу жылының жетістіктеріне тоқталды. Білім бөлімінің әдіскері Айнабекова Күлаш Кайыркеновна, әкелер кеңесінің төрағасы Джуматаев Марат Кадирович мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге ақ жол тілеп, Қазақстанның  еңбексүйгіш,білімді, отаншыл азаматтары болуларына тілек білдірді.2022-2023 оқу жылында 69 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады.
1 А сыныбы -25 оқушы, сынып жетекшісі: Бакирова А.А
1Ә сыныбы-23 оқушы, сынып жетекшісі: Кузембаева М.С
1Б сыныбы-  25оқушы, сынып жетекшісі: Алпысбаева А.С
1-11 сыныптарында "Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық қасиет" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.