қысқы каникул кезіндегі рейдтің ақпараты
04-01-2022 23:48

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№8 жалпы білім беретін мектебі» КММ қысқы каникул кезіндегі рейдтің ақпараты

 

Қысқы каникул барысында  жоспар бойынша әлеуметтік педагог Ж.Т.Мустапаева, дене шынықтыру мұғалімі Н.Қ.Сиязбек, сынып жетекші С.Қыбырат бірлескен  рейд ұйымдастырылды. 

Рейд мақсаты: түнгі уақытта мектеп жасындағы балалардың ересек адамның қадағалауынсыз көшеде бос жүруін, жұмысқа ерте араласуын қадағалау.

Рейд барысында орталық саябақ, 21 шағын ауданындағы дүкендер мен көңіл көтеретін орындар және Хамзин атындағы Металлург сарайының маңы мен шырша жанын аралап шықты. Құқықбұзушылық және бей мезгіл жүрген жасөспірімдер болған жоқ.