«Салауатты тамақтану»
01-11-2021 17:57

Мектебімізде қазан айының он алтысы күні «Өркен» дебат клубының жас ойыншыларының арасында «дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты» тақырыбында пікірталас ойыны өтті. Ойын барысында спикерлер дұрыс тамақтанудың адам үшін артықшылығы мен зиянын атап көрсетті. Өте тартысты ойынның нәтижесінде «Үкімет» тобы жетістікке жетті.