Халқымыздың мәдени мұрасы
19-04-2021 16:17

18 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні, осы күнге орай қайырымдылық марафоны акциясына ат салыстық. Бұл акцияның басты мақсаты: халқымыздың мәдени мұрасын сақтаудың маңыздылығына қоғамның назарын аудару, әр түрлі қалалар мен елді мекендердің тарихи жерімен таныстыру. Ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар Әлихан Бөкейханов көшесінде орналасқан қуғын – сүргін құрбандарына арналған ескерткішке барып, 1937-1939 жылдар аралығында қазақтың бас көтерер зиялы қауымының көпшілігі қуғын-сүргін құрбанына айналғанына тоқталып өттік. 1937-1938 жылдардағы қанды оқиға жаңғырығы мәңгі ел жадында. Нақақтан-нақақ ұлтымыздың көзі ашық, көкірегі ояу азаматтары «ұлтым» деймін деп – «ұлы қылмыс» жасап, «халқым» деймін деп – «халық жауы» деген жала жабылып атылып кетті. Талай бейбіт отбасыларының оты өшіп, ана жесір, бала жетім қалды. Түптеп келгенде, саяси қуғын-сүргін, аштық, өзге ұлттардың депортациясы барлығы тоталитарлық жүйенің орыстандыру-шоқындыру, бүтіндей бір ұлтты жою саясатының нәтижесі. Осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған адамдардың есімдерін мәңгі ұмытпай, оларды әрқашан есте сақтау, өткенге салауат етіп, ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек мән беріп, ұғыну – бүгінгі ұрпақ парызы екенін және көненің көзі, болашаққа аманат.

Возможно, это изображение (3 человека, люди стоят и на открытом воздухе)