Адалдық дүкені
07-09-2020 16:03

Жалпы білім беретін №8  мектепте «Адалдық дүкені» жұмыс істейтіні туралы ақпар

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасына сәйкес,  2019 жылдан бастап мектебімізде  «Адалдық дүкені» жұмыс жасайды.
«Адалдық дүкендері» өсіп келе жатқан ұрпақ бойында адалдық қасиеттерін нығайта отырып, білім ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізетіні анық.
Жобаның мақсаты – қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыру және азаматтарды адалдыққа баулу. Дүкенде қолжетімді бағадағы оқу-құралдары сатылымда тұр. Бұл жерде сатушының болмауына байланысты өзіне-өзі қызмет ету жұмысы ұйымдастырылған. Алынатын тауарды оқушы өзі таңдап алады да, төленетін ақшаны жанындағы қорапқа салып кетеді. Мұндай әрекеттер оқушылардың жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелеуге бағыттайды.