1-11- сынып ата-аналарына арналған жиналыстары 2020 жылдың 13-қараша күні ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан өткізілді.
16-11-2020 10:27
Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің 1-11- сынып ата-аналарына арналған жиналыстары 2020 жылдың 13-қараша күні ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан өткізілді. Мектепте жалпы 812 оқушы бар. Жиналысқа 482 ата-ана қатысты.
Ата-аналар жиналысының күн тәртібінде төмендегі мәселелер қарастырылды.
1. І тоқсанның қорытындысы
2. ІІ тоқсанда жаңа платформаға ауысу жайында. БІЛІМАЛ SDOT Қашықтықтан білім беру платформасымен жұмыс жасау алгоритімі. Дайын слайд бойынша түсіндіру
3. Оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу туралы
4. 5-сыныптарға кезекші сыныптардың ұйымдастырылуы (сабақ кестесі, мектеп формасы т.б)
5. Санитарлық гигиеналық талаптарды сақтау (санитарлық туралы мәлімет, талаптар тізбесі)
6. Күнделікті мәселелер
Ата-аналар тарапынан мектеп формасына және 5- сынып ата-аналарынан пандемия кезінде мектепке келетін кезекші сыныптардағы санитарлық талаптарды сақтау ережесі туралы сұрақтар қойылды. Қойылған сұрақтарға сынып жетекшілер толық жауап берді.
14-қараша күні сағат 13.00-14.00- аралығында Басшы сағаты өткізілетіні туралы хабарланды.